jasqazaq.kz

Дұрыс шешім: су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік өтемақы төлене бастады

12 сәуiр 2024, 16:46

Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға әлеуметтік өтемақылар төлене бастады. Дұрыс шешім. Судың қайтуын күтіп отыратын уақыт жоқ. Күзге дейін төрт ай, осы мерзімде баспанасын салып, шаруашылығын түгендеп алуы тиіс адамдар. Ескеретін жайт, мемқызметкерлермен қатар шығын көлемінің әділетті бағалануын, бөлінуін қадағалайтын жергілікті белсенді азаматтардың болғаны абзал, ақша жүрген жерде даудың болатыны анық.

Қостанай облысында 587 адам әлеуметтік өтемақы алды. Отбасының әр мүшесіне 184 600 теңге төленген. Бұдан бөлек бюджеттен тыс тағы да 32 миллион теңге сомасында көмек көрсетілді екен. Шығындарын өндіру үшін кезекте тұрған азаматтардың сан көп сияқты. Қазір шығын көлемін анықтау, бағалау жұмыстары жүріп жатыр.

Су тасқыны салдарын жою қатысты Үкіметтің жоспары:

— әрбір зардап шеккен отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы беріледі;
— қираған үйлер Үкімет резерві есебінен қайта салынады;
— жөндеуге мұқтаж үйлер әкімдіктердің қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

Ақтілеу Жақсыбек

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?