Дубайда бейсенбіден жұмаға қараған түні әлемдегі ең зәулім ғимараттардың бірі -Torch Tower (БАӘ) өртенді.
Бұл туралы ТАСС әмірліктің азаматтық қорғаныс басқармасына сілтеме жасап хабарлады. » Дубай азаматтық қорғаныс басқармасының директоры генерал Рашед Тани аль-Матруши өрт сөндірілгендігін мәлім етті», -делінген ведомоство баспасөз қызметінің хабарламасында. Өз кезегінде әмірлік әкімшілігі қазіргі уақытта зардап шеккендер жайлы ақпараттардың түспегендігін айтты. Еске сала кетсек, Torch Tower 2015 жылдың ақпан айында да өртенген болатын. Онда жүздеген адам эвакуацияланып, бірнеше ондағаны зардап шеккен еді.