jasqazaq.kz

Дрон суға батқан балаларды құтқарды (видео)

20 қантар 2018, 11:33

 

Австралия жағалауларында ұшқышсыз ұшатын құрылғы суға ағып бара жатқан екі жеткіншекті құтқарды, деп жазады ВВС.

15 және 17 жастағы жасөспірімдер Оңтүстік Уэльс штатының Леннокс-Хед жағажайынан қауіпті аумаққа өтіп кеткен. Олар жағалаудан 700 метр алыстап кетіп, биіктігі 3 метр болатын толқындарға тап болған. Оларды алғаш болып демалушылар байқаған. Құтқарушылар бірден дронның көмегіне жүгінген. Дрон суға ағып бара жатқандардың үстінен құтқару құралдарын тастаған. Соның арқасында жасөспірімдер жағаға аман-есен жеткен. Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрінің орынбасары Джон Бариларо бұл оқиғаны тарихи деп атады. «Бұған дейін ешқашанда адамдарды құтқару жұмыстарына дрон пайдаланылмады. Бұл алғаш рет болды», — деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады