jasqazaq.kz

Орталық Азия: Діни экстремистердің қолтығына су бүркіген кімдер?

23 шiлде 2024, 13:57

Кеше Шымкент қаласының прокуратурасы шаһарда “Хизб-ут Тахрир” ұйымының ұясы жойылғанын хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен жүргізілген операция экстремистер қатарында 22 адамның болғанын анықтады. Ұйымның Шымқаладағы белсенді әрекеті биылғы наурыз-сәуір айларында басталғанын ескерсек, бұл аз емес. Әсіредіншілдер Ораза кезінде жұртты ауыз ашарға жинап, үгіт-насихатын жүргізген.

Бұдан біраз бұрын ҰҚК қызметкерлері прокуратура және полициямен бірлесіп, еліміздің 4 азаматы мен бір шетелдікті ұстады. Оларға террористік әрекетке қатысу, лаңкестікті насихаттау және экстремистік ұйым қатарына тарту бойынша айып тағылды. Бұлардың біреуі шет мемлекеттегі соғысқа қатысқаны үшін елімізде сотталған.

“Хизб-ут Тахрир” сияқты радикал қозғалыстардың соңғы кездері Орталық Азия өңірінде өз әрекетін жандандыра бастағаны ойландырмай қоймайды. Биылғы маусымда Қырғызстанда белгісіз біреулер айыл (ауыл) мектебіндегі мемлекеттік туды өртеп, орнына арабша жазуы бар жалауды ілген. Құқық қорғау орындары әлгі бұзақылардың “Хизб-ут Тахрир” сапындағы 16 және 19 жастағы екі бойжеткен екенін анықтады.

Жуырда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев елде төңкеріс жасауға тырысқан әсіредіншілдер мен қылмыс әлемінің серкелері қамауға алынғанын хабарлады.

Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Еділ Марлисуулы: «Ел билігі діни экстремизм қаупіне айрықша назар аударуы тиіс. Өйткені жоғарыда айтылған әрекеттер 5-6 адамның қолынан келетін шаруа емес», —  дейді. Ол сыртқы күштер Орталық Азиядағы тұрақтылықты шайқау үшін әсіредіншілдердің қолтығына су бүркіп, оларға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр деген пікірде.

Талап Тілеген

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр