jasqazaq.kz

Динара Сұлтан: Дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады

30 қараша 2023, 16:05

Әнші Динара Сұлтан әлеуметтік желіде өзінің отбасылық құпиясымен бөлісті.

«Күздің соңғы күнінде уәдемде тұрайын. Жолдасымыз екеуміз танысқанымда маған бес бала туып берсең, үйленем дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен, мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым. Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы «Тойымызды» ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді, міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық. Мен ойлаймын, бәрі Алланың қалауымен, шүкір. Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін — басынан түсінгем, еш күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін — әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. Менің айтарым, асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы — баланс. Соны түсінсек», — деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?