jasqazaq.kz

Димаштың атын естіген шетелдіктердің эмоциясы (Видео)

08 қантар 2024, 13:04

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын бүкіл әлем жоғары бағалайтынын тағы да айғақтап отыр. Желіде пайда болған видеода француздардың Димаш есімін естіген кездегі эмоциясын көруге болады.
Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлады.

«Димаш — қазақстандықтардың визит карточкасына айналды», «Қазақстанның туын қалтасына қалай ұқыпты салды»,»Димаштың атын естігенде барлығы Қазақстанды таниды екен. Қандай керемет!», — деп пікір білдірді желі қолданушылары.
«Бұл жәрмеңкеде француздармен қоса, басқа да еуропалықтар қазақтың ұлттық өнеріне үлкен қызығушылық танытты. Біз Димаш Құдайбергеннің елі — Қазақстаннан келдік деп айттық. Француздар қатты таңғалды. Бізден бұйымдар сатып алып, құрмет көрсетті. Содан кейін Димаштың орындауындағы «Адай» күйін қосып, шетелдіктердің реакциясын түсірдік», — деді ролик авторы.
Ұлттық зергерлік бұйымдар жасайтын компания өкілі Жарқынбек Тұқбиұлы Қазақстанның атынан Париждегі ұлттық қолөнер жәрмеңкесінде осылайша қазақ мәдениетін шетелде танымал етуге, оның бірегейлігін көрсетуге және әлем елдері үшін тартымдылығын арттыруға болатынын атап өтті.

@el_brand_kz Қазақтың бір туар дарынды ұлы Димаш Құдайбергенді тек Француздар ғана емес тұтас әлем жұрты танып үлгерді. Димаш арқылы Қазақ елін,Қазақ халқын танып жатыр. қазақтың өнеріне тәнті болған талай оқырмандарды Париж қаласында өткен халықаралық жәрменкеде жолықтырдық. Димаштың елінен,Димаш тұратын Астана қаласынан келдік дегенімізді естігенде, Димаш десе ішкен асын жерге қоятын Француздардың ауыздары аңқиып қалды. Сосын оларға әлемдік өнер сахнасында Димаш тартқан «Адай»күйін тартып бердім. Димашқа, және қазақ еліне дұғай-дұғай сәлем аитты. Біздің @el_brand.kz парақшамызға тіркеліп, қолдау көрсете кетіңіздер. Алға қазақ елі ! #димашкудайберген ♬ original sound — el_brand.kz

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?