jasqazaq.kz

Димаштың әкесі ұлының Қытайға ақша аударғанын теріске шығарды

04 шiлде 2017, 17:30

Димаш Құдайбергеннің Қытайда су тасқынынан зардап шеккендерге 14 миллион теңге аударуы елдегі қазақтардың наразылығын туғызды. Әлеуметік желілерде әншіге қатысты түрлі теріс пікірлер жазылды. Осыған байланысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлының ақша аударғанын теріске шығарып, көпшілікке facebook-тегі жеке парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

— Мен өзіміз жөніндегі көп жаңалықты баспасөз бетінен білемін…Димаш көрші елдің су басқан аймағына пəлен миллион аударыпты дегенді де жариялапты. Əр елдің салты басқа — Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ.) Бізге де, өздеріне де жақсылық жасағысы келген болар, депті Қанат Айтбаев.

Еске сала кетсек, Димаш Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан Mango V қорына 300 мың юань (14 миллион теңге) көлемінде ақша аударған. Димаш аталған провинцияда өткен «Singer» байқауы арқылы әлемге танылғанын атап өтіп, ондағы зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді өзінің азаматтық парызы деп санайтынын жеткізген.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда