Димаш Құдайберген шетелде жылдың алғашқы марапатына ие болды. әнші Weibo Аwards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясының үздігі атанды деп хабарлайды NUR.KZ.
«Армысыздар, құрметті өнерсүйер қауым! «Weibo Аwards» жобасында «Музыкадағы жаңа күш» номинациясы бойынша жеңіске жетіп жатырмыз. Осы сыйлықты алуыма бірден-бір себепкер болған өздеріңіз. Баршаңыздың қажырлы еңбектеріңіз, қаншама уақыт маған берген дауыстарыңыз ақталды. Сіздердің рұқсаттарыңызбен, өзімнің және барша тыңдармандарымның атынан осы сыйлығымды ұстазым-Марат Әйтімовке арнағым келеді»,-деді ол.
Димаштың ұстазы Марат Әйтімов болса желідегі парақшасында қуанышымен бөліскен.
«Эмоциядан жүрегім аузыма тығылды!Сөзім жоқ!»,-деді Димаштың ұстазы.