Нью-Йоркте тұратын қазақ полицейі Димаш туралы видео шықты.
Димаш Ниязов Бруклинге 13 жыл бұрын келген. Ол Шымкентте туып, өскен.
«Мен Қазақстанда тудым. Нью-Йоркте тұрсам да, жүрегіммен қазақпын», — дейді Димаш.
Айта кетейік, Димаш Ниязов Қазақстанда туып, ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. 7 жасына дейін Шымкентте тұрған. Бүгінде Нью-Йорке тұратын қазақ баласы полиция қызметкері болып жұмыс істейді. Бокспен шұғылданады.
Нью-Йорктің үздік полицейі атанған Димаш туралы бұған дейін жазылған болатын.