jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген Құлсары тұрғындарына қолдау білдірді (Видео)

11 сәуiр 2024, 10:07


Димаш Құдайберген Құлсары қаласына келіп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Танымал әнші су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындарына қолдау білдірді.
«Қиын-қыстау күндерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осылай бір-бірімізге көмек көрсетіп жүруге жазсын. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазіргі таңда бізге бірлік керек. Сабыр сақтау керек. Құдайдан үлкен үмітпен жақсылық тілейік», — деді Димаш.
Әншінің қиындыққа тап болған жұрттың ортасына келіп, жанашырлық танытып жатқанына құлсарылықтар риза болып, алғысын айтты.
«Өзіңіз келіп, көрініп, қолдау білдіріп жатқаныңызға көп-көп рахмет», — деді ауыл тұрғындарының бірі.
Сондай-ақ, Димаш: «Мемлекет тарапынан жағдай жасалады деп жаңалықтардан оқып жатырмын, мен де президентіміз айтқан соң сіздермен бірге осыған сеніп отырмын. Бүгінгі күні осы жерге келуімізге осындай жағдай себеп болса, алдағы уақытта тек қуаныш себептерге келіп, қуанышты ұлғайта берейік», — деп, көпшілікті ертеңге үмітпен қарауға шақырды.
Табиғи апатпен тынбай күресіп жатқан сарбаздар және еріктілермен де жүздесіп, жұмыс барысымен танысты. Одан бөлек, бесінші ауданның ақ жаулықты аналары әзірлеген айттық дастарханнан дәм татты.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?