Өткен аптада Қазақстанға атбасын тіреген Джеки Чан Димаш Құдайбергеннен мықты актер шығатынын айтқан еді. Бұл ретте Димаш Джекидің бұл ұсынысына қатысты пікір білдірді.
Қытай арналарының біріне берген сұхбатында Димаш Джекидің жан-жақты маман екенін айтып өтті.
“Джеки Чан бір сұхбатында «Димаштан бір үлкен актер шығады деп үміттенемін» деп айтқан.
Бірақ ол кісі қанша жерден тамаша әнші болса да, мықты жан-жақты продюсер, режиссер, көптеген бағытта жүрген кісі ғой. Бірақ ең алғашқы саласы актер болғандықтан, басқа салада қосымша жұмыс істеп жүр”, – деді Димаш.
Бұдан өзге, қазақ әншісі актер ретінде тәжірибесі жоқ екенін айтып, Джекидің ұсынысынан бас тартты.
“Ал енді менің актер есебінде тіптен тәжірибем жоқ. Сол себептен әнімді айтып жүре беретін шығармын”, – деді Димаш.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.