Димаш Құдайбергенов концертке қатысу үшін Қытайдың Шанхай қаласына келді.
Бұл туралы әншінің директоры Алпамыс Шәрімов инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
“Біз Шанхайға келдік. Бүгін үлкен концерттік кеш болады. Димаш сол жерде ән салады. Welcome to Shanghai! Chinese Dears you best”, – деп жазады ол.
Димаш бұған дейін Парижде өткен Ева Лонгория ұйымдастырғанн қайырымдылық кешінде де ән шырқаған болатын.