jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген Қытайдың музыкалық жүлдесінің жеңімпазы атанды

13 маусым 2017, 14:17

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Екі номинация бойынша Димаш 8 қытайлық танымал эстрада әншісімен бәсекелес болды. Айта кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Ол қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясында жеңіске жеткен болатын. Еске сала кетейік, Димаш Қытайдың «Singer 2017» ән байқауынан кейін, Қытайда «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алды.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда