Димаш Құдайберген танымал әнші КоКо Лимен бірге ән шырқады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші Инстаграмдағы парақшасында жариялады.
Концерт Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті.
«Аса қымбатты Коко, құттықтаймын! Өте тамаша концерт! Қымбаттыларым, сіздерге де рахмет, мен сендерді жақсы көремін! Көріскенше», — деп жазды әнші парақшасында.
Айта кетейік, Димаш жақында Қытай әншісі КоКо Лидің концертіне шақырту алған болатын.