jasqazaq.kz

Әділ Ахметов: ЭКСПО рухани жаңғырудың нағыз өзі

10 маусым 2017, 20:56

Бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін аралап көргендердің ішінде қоғам қайраткері Әділ Ахметов те болды. «Бүгін біз оншақты павильонды аралап шықтық. Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, өзіміздің Қазақстан, Катар елін көрдік. Негізі, ЭКСПО ол — бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының санасына сәуле шашатын дүние, елдің рухани жаңғыруына түрткі болатын шаралардың бірі. Біздің санамызды осындай дүниелер ғана жаңғырта алады. Мысалы, Жапонияның павильонында сутегімен жүретін автомобильдерді көруге болады. Жершарының 70 пайызы — су. Энергияның көзі сонда жатқан жоқ па? Оңтүстік Корея да солай. Анау Израиль тау болып жатқан қоқыстан газ шығарып жатыр. Әлемдегі стартаптардың біразы солардың еншісінде. Көрмеде қазақ жастары көп жүр. Олар осының бәрін көруі керек. Себебі болашақта Қазақстанды алға жетелейтін солар. ЭКСПО ол тек технологиялық жаңғыру ғана емес, рухани жаңғырудың да нағыз өзі», — деді Әділ Ахметов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, бүгін — ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің алғашқы күні. Кеше салтанатты шарада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрмені ресми түрде ашық деп жариялаған болатын.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда