«Дикий Арман» ісі: Зардап шегушілерден жауап алынды

15 қыркүйек 2023, 14:44


Алматыда Арман Жұмагелдиев пен өзге де сотталушылардың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды inform.kz.
«Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А. Жұмагелдиев пен өзге де сотталушылардың ісі бойынша алдын ала тыңдауды қайта бастады. Бірқатар зардап шегушіден, кейбр сотталушылар мен олардың адвокаттарынан, сонымен қатар куәгерлерден процесті жабық режимде өткізу туралы өтініш түсті. Олар өмірлеріне, отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын мәлімдеді. Сонымен қатар сот сотталушы мен адвокаттың прокурорларға қарсылық білдіру туралы өтінішін қабылдамады», — делінген Алматы соттарының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.
Сотталушылардың қатарында 45 адам бар. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 362 (билікті немесе өкілеттікті асыра пайдалану), 262 (қылмыстық топты, қылмыстық ұйымды құру және басшылық жасау, оған қатысу), 272 (жаппай тәртіпсіздік), 191 (тонау), 126 (заңсыз бас бостандығынан айыру) 268-баптары (бандитимз) бойынша айып тағылған.

Бұған дейін еліміздің Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің 2021 жылы желтоқсанда шетелден келгенін және қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғанын хабарлаған. Оның 5 адамнан тұратын қылмыстық тобы 2022 жылдың 7 қаңтарында ұйымдастырылған арнаулы операция барысында ұсталды. Сол кезде күдіктілерден әртүрлі қару-жарақ пен олардың оқ-дәрілері, суық қару және бронды автомобиль тәркіленді.

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтқан еді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді