jasqazaq.kz

Диқандарға ағын су жетпей жатыр (видео)

02 сәуiр 2018, 17:58

Сарыағаштағы егіс алқаптары түгелдей қурап кетудің алдында. Осылай деп шырылдаған шаруалар еңбегіміз еш кетеме деп уайымдауда. Өйткені, Жүзімдік ауылындағы жылғыз Ащысай каналы әлікүнге тазартылмаған. Алайда, ауыл және аудан басшылығы мәселе аса күрделі емес дейді. Айтуларынша, арықты тазартуға қазір облыс атқамінерлері араласып, ірі көлемде қаржы бөліпті. Бірақ, Сарыағашқа судың нақты қашан келетінін оларда білмейтін болып шықты. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.

4 мыңнан астам халқы бар Жүзімдік ауылының негізгі табыс көзі егіншілікте. Енді ағын су дер кезінде жеткізілмесе, шаруалар жылсайынғы нәпақасынанда қағылуы мүмкін. Мәселен, Өтеген Тұрғынов егін егуді ерте көктемде бастапты. Дала жұмыстарына өз қаржысы жетпегендіктен, несие алып қызылша мен картоп отырғызған. Бірақ, мына құрғақшылықтан қарызға белшесінен батып, амалы құрып отыр. Бала-шағасымен пәтер жалдап тұратын ол мемлекеттен алған ақшасын қалай қайтарарын білмей дал болуда.

Өтеген ТҰРҒЫНОВ
Жүзімдік ауылының тұрғыны

Су келмесе не істеймін, жұрттар секілді асылып өліп қала саламыз ба, Соған келіп тіреліп тұр ғой. Мемлекетке қарыз болып тұрмын да енді. Соған әкеліп тақайды. Қолдан келетіні сол біздің.
500 гектар жерге су жеткізуі тиіс арықтың сиқы мынау. Тіршілік нәрін асыға күткен диқандарды бос үміттендіріп, шаңы бұрқырап пайдасыз жатыр. Арықтың адам шошырлық жағдайынан ауыл әкіміде хабардар. Бірақ, Оразалы Смаилов қолынан ештеңе келмейтінін ашып айтты. Өйткені, каналды тазартуға қаржы облыстан қаралған. Дегенмен, ауыл әкімі ақша бөлінгенмен арық мәселесін түбегейлі шешу мүмкін емес-дейді.

Оразалы СМАИЛОВ
Жүзімдік ауыл округінің әкімі

Бұл бір жылдық мәселе, биыл қазсақ келер жылы тағы толып қалады. Сөйтіп, мемлекеттен бөлінген ақша талан-тараж болады.
Бөлінген ақшаның ауаға ұшып жатқанын ауыл тұрғындары жақсы біледі. Айтуларынша проблема жыл сайын қайталанады. Бірақ, билік басындағылар бұған бас қатырмайды дейді.

Босымбай АСЫЛБАЕВ
Жүзімдік ауылының тұрғыны

Ал, мына арықты қазады 100 млн бөліп. Ендігі жылы тағы осындай болады. Біз 100 млн теңгені жерге көміп тастап жатырмыз. Соның орнына 3 трактор сатып алса, өзіміз қазып, тазартып отыратын едік.

Жүзімдік жұрты шырылдап, кімнен көмек сұрарын білмей жатқанда, аудан басшылығы облыстан 107 млн теңге бөлінгенін айтып мақтанды. Тек тазалау жұмыстары қашан басталатынынан бейхабар. Ақшаны игеруге байқау жарияланғанымен жеңімпаз анықталмаған. Сондықтан ауылшаруашылығының дамуына жауапты атқамінерлер, дихандар дау көтермей, сабырлық танытсын деп отыр.

Ергеш Абишев
Сарыағаш ауданы ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

Біздің қатысымыз жоқ. Облыста өтеді конкурс. Мамыр айына дейін су жететін шығар. Ол кезде кеш болады. Бірақ, осы аптада анықталып қалатын шығар жеңімпаз.
Осылайша, ауыл әкімі ауданға, аудан облысқа сілтеп мәселе ашық күйінде қалды. Сондықтан, Жүзімдік ауыл округіндегі шаруалардың жайы не болары белгісіз

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр