Депутат: «Жезөкшелердің притондарының үстінен полиция қызметкерлері қарайды»

20 наурыз, 13:06

Бүгін Мәжілісте адам саудасына қарсы заң жобасы талқыланды. Осы мәселеге қатысты депутат Бақытжан Базарбек ішкі істер министрі Ерлан Сәденовке сұрақ қойды.

«Жезөкшелік притондардың үстінен қарайтын полиция қызметкерлері деген позициямды әлі де ұстанып отырмын. Осыған байланысты қанша полиция қызметкері жауапқа тартылды? 2023 жылы бар болғаны 5 полиция қызметкері жауапқа тартылған. Егер өзім зерттеп, қолдағы ақпаратты жоққа шығарсам, маған берген ақпаратыңыз жалған болып шығады ғой», — деді ол.

Министр расында да мұндай қылмыстың полиция қызметкерлері арасында кездесетінін айтты. Оны ішкі істер саласындағы қауіпсіздік департаменті анықтайды. Полицейдің ондай іспен айналысқаны дәлелденсе, жұмыстан шығарады.

Б.Базарбек: «Интернет желісі арқылы жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазір әртүрлі сайттарда жыныстық қызмет көрсету, адам ағзалары мен тіндерін сатып алу, сату, сондай-ақ балаларды заңсыз асырап алуға беру туралы жарнамаларды көруге болады. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, мұндай чаттар шетелде де, бізде де ашылады. Мұндай жабық топтар қалай анықталады? Егер ұйымдастырушылар шетелде болса, олар қалай жауапқа тартылады? Заң жобаңызды қарасам, өте әлсіз. Механизмдері аз», — деп тағы сауал тастады.
Ерлан Сәденов заңсыз интернет жарнамалары «Кибербақылау» бағдарламасы арқылы анықталатынын жеткізді.

«Заңның 309 баптың 2-ші бөлігі интернет ресурстарға арналған. Біз «Кибербақылау» деген бағдарлама арқылы қараймыз. Осы уақытқа дейін интернет жарнамалары бойынша 6 мыңнан астам қылмысқа тосқауыл қойдық. Ал притон ұйымдастыру бойынша 620 қылмыс анықталды. Олардың жетекшілері көбінесе шетелде отырады. Соған байланысты 47-ден астам мемлекетпен келісімшартқа қол қойып жатырмыз. Анықтаған кезде оларға сұрау жібереміз», — деді министр.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды