jasqazaq.kz

Депутат Дәулет Мұқаев 38 жастағы әйелдің тұсауын кесті (Видео)

14 сәуiр 2025, 22:25

Сурет: Видеодан кадр

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 38 жастағы бес баласы бар әйелдің тұсауын кесіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Бұған дейін Инстаграм парақшасында «оптом» тұсау кесемін деп хабарландыру берген депутат, бұл ерсі көріністі «арасында болып тұрады» деп түсіндірген. Тіпті «сәуір айына елу адам кезекке тұрып үлгерді, сіз де үлгеріңіз» деп, оқырмандарына құлаққағыс айтқан. Дегенмен 38 жастағы әйел мұнысын ұят көрмейді. Керісінше, «халық қалаулысына тұсау кестіру арманым болатын» дейді. Сондықтан бұған дейін тұсауы кесілсе де, көпбалалы ана баласынан қалыспапты.

Тұрсынкүл Құлатаева: — Халқымызға қалаулы бір азаматқа тұсауымды кестірсем деп, өзіме алдыма мақсат қойып жүргем. Сол сәт кеше туды. Дәулет мырза балалардың тұсауын жаппай кесетін күніне сәйкес келіп қалды, Жібімді сатып алдым да, алдына бардым. Сонымен Дәулет мырза қарсы келген жоқ. Тұсауымды кесіп, арманымды орындап берді. «Гештальт жабылды — бастысы».

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті