jasqazaq.kz

Денесінен 16 ине шыққан сәбидің «өлімі» расталмады

25 қантар 2018, 14:02

Жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми республикалық орталығының өкілдері денесінен 18 ине шыққан сәбидің өлімі жайлы мәліметті жоққа шығарды, — деп хабарлайды NUZ.UZ сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады. Осыған дейін денесінен 16 ине шыққан 11 айлық сәбидің көз жұмғаны жайлы хабарланған еді.

Алайда сәбидің өлімі жайлы мәлімет расталмады. Жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми республикалық орталығы NUZ.UZ тілшісіне сәбидің тірі екенін және жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Ол бұрынғыдай ауыр жағдайда жатыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Ташкентте 11 айлық сәбидің денесінен 16 ине табылғаны жайлы хабарланған болатын. 11 айлық сәбидің шешесі баласының жиі мазасызданатынын айтып, көмек сұрап келген. Бастапқы медициналық зерттеу барысында сәбидің тамағы ісініп, темперарутасы көтерілгені анықталған. Дәрігерлер оны тұмауратып қалған деп топшылапты. Алайда баланың зәр шығаруы қиындап, осыдан кейін дәрігерлер баланы рентген аппаратына түсірген. Осы кезде баланың денесінде 16 бөгде зат табылған. Баласы мен шешесі дереу Ташкентке жөнелтілген.

Бүгін, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
Бүгін, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды