jasqazaq.kz

Дариға Бадықова: Көтеретін де — халық! Қарғайтын да — халық! Жер қылатын да — халық

15 сәуiр 2024, 11:30


Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жұлдыздардың су тасқынынан зардап шеккендерге аударған қаржысын сынға алғандарға жауап берді.

«Айтпасқа болмады. Жалпы көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызасыздар. Бердім! Апат болсын, басқада жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан сақтасын! «Мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті» деп отырғандар өздеріңіз көмек бердіңіздер ме? «Бізде жоқ қой» деп шығасыздар. Садақаның құны жоқ. Қанша болса да, қолыңнан келгенді бересің. Солай айтқандар өз туғанына көмек беріп отыр ма екен? Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз, шошып кетесіз. Қарапайым халық деп бөліне қаламыз. Біздің айырмашылығымыз — мамандығымызда ғана. Сіз де өз мамандығыңыздан нәпақа тауып, күнде жұмысқа барып жүрсіз. Біздікі де сол. Қарызға үлкен қаражат алып, оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салығымызды төлейміз. Салық — ол халықтың ақшасы, сол ақшаны бердік. Өнер — Құдайдан келген сый. Өнер адамдарының жиналып, салған ақшасын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып, әлексіздер. Жинамаса, «Жинамады» деп қарғайсыздар. Жинаса, жиғандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер! Ұят болады. Ниетімізді түзейік. Бәрін үкіметтен көріп отыра бермейік. Елдің көтерілуіне ат салысайық. Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса, әлі көрер қызығымыз алда. Көтеретін де — халық! Қарғайтын да — халық! Жер қылатын да — халық», — деп жазды Бадықова.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды