jasqazaq.kz

Даңқты майдан жолымен жорық жасады

28 тамыз 2024, 12:34

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің делегациясы Ресейде өткен «Даңқты Волхов майданының жолымен» атты әскери-тарихи мемориалдық жорығына қатысып қайтты. Жорық Новгород облысы аумағындағы бір кезде қиян-кескі ұрыстар жүрген жерлерді қамтыды.
Аталған шараға «Atamnyn Amanaty» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдагалиев, «Atamnyn Amanaty» ҚБ Бақылау кеңесінің мүшесі, «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық ұйым төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов және 1941 жылы Ақмола қаласында жасақталған 310-ы Қызыл Тулы Ленин орденді Новгородтық атқыштар дивизия жауынгерлерінің бүгінгі ұрпақтары қатысты. Дивизияның жартысына жуығы, яғни 40 пайызы қазақтардан құралғанын және олардың Новгород қаласын азат етуде өздерін өшпес даңққа бөлегенін айта кету керек.


Қазақтың ақиық ақыны Сырбай Мәуленовтің әйгілі Құлын өлеңі осы Волхов майданында қан кешіп жүрген кезде жазылған болатын:

Шаршаған жол батып
Волховтың батпағында,
Жатыр бие толғатып
Зеңбіректің арт жағында…
Шашыраған көк жалынын бүркіп темір,
Орманның іші үрейлі.
Ал оттың ортасында —
Шіркін өмір
Құлын боп кісінейді!

Тарихи шараға қатысушылар бірнеше күн бойы шешуші шайқастар жүрген майдан жолдарымен жүріп өтіп, жауынгерлік даңқты паш ететін жергілікті мұражайлармен жете танысып, қаншама қазақстандықтар жерленген бауырластар зиратындағы боздақтар рухына тағзым етті.
Салтанатты шарада еліміздің атынан сөз алған генерал-майор Марат Нағұманов былай деді:
-Бүгін біз ұрпақтар сабақтастығының ұлылығы мен беркітігіне тікелей куә болып, соны айрықша сезініп отырмыз. Мыңдаған шақырым қашықтықтағы сонау қазақ даласынан майдангер ұрпақтарының ат терлетіп келуі көп нәрсені аңғарса керек.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Қрылтайда сөйлеген сөзінде: «Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырлардың ерлігі – бүгінгі және болашақ Отан қорғаушылар үшін шынайы үлгі-өнеге. Еліміздің жылнамасына есімі алтын әріппен жазылған батырларымыз аз емес Жеңістің 80 жылдығына орай зерттеулер тың қарқынмен жалғасады деп сенемін. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды. Мемлекет бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді», — деген болатын.
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің делегациясы «Даңқты Волхов майданының жолымен» әскери-тарихи мемориалдық жорығына Астанадағы ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде сақтаулы тұрған 310-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік туын алып барып, асқақтата алып жүрді.

Ә.Смайылов

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр