jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов: Мен Ұлттық құрамаға қайта оралдым

22 шiлде 2017, 16:15

Рио-де Жанейро олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралды.

Бұл туралы Даниярдың өзі ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді. «Мен Ұлттық құрамаға қайта оралдым. Алла қаласа алдағы уақытта бұрынғыдай құрама сапында өнер көрсететін болам. Қазір Астанада отбасыммен бірге демалып жатырмын. Бұйырса дайындықты бастайтын күндерім де алыс емес», — деп атап өтті ол. Сонымен қатар ол алдағы уақыта «қай салмақта өнер көрсетесіз?» деген сұрағымызға да кесімді жауабын берді. «Мен «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде Олимпиада чемпионы атандым. 4-5 жыл осы салмақта өнер көрсеттім. Алдағы уақытта да осы салмақта қала беремін», — деді Данияр Елеусінов. Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасынан кейін австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Алайда, олар уәдесінен тайып, кейін келісімнен бас тартқаны туралы хабарлағанбыз. Осыдан бірер ай бұрын Данияр Елеусінов тілшімізге сұхбат беріп, Ұлттық құрамаға қайта келуі мүмкін екенін мәлім етті.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда