jasqazaq.kz

Данияр Ақышев бұғатталған 22 млрд долларға түсініктеме берді

18 қантар 2018, 21:43

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев «Россия 24» арнасында Ұлттық қордағы 22 млрд теңгенің бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Ұлттық банк басшысы америкалық банктың бұл әрекетін ешқандай саяси жағдайға қатысы жоқ екенін түсіндірді. “Бұл экономикалық дау”, – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай келеңсіздік бұрын Ресейде де болған.

«Біз де сол жағдайға тап болып отырмыз. Сондықтан, бұл жерде Қазақстанға қатысты жүйелі әрекет деп қарастырмау керек. Біздің ойымызша, бұғаттау туралы шешім алаяқтық жолмен алынған. Сондықтан, біз сот процесін қозғап жатырмыз», – деді Ақышев.

Оның айтуынша, қазір бұл процеспен ҚР Әділет министрлігі айналысып жатыр.

ҚР Ұлттық банкі бұл процесте басты кеңесші ретінде қатысып жатыр.

«Біз сотқа 500 млн долларға арызданып жатырмыз. Ал бұғатталған сома 22 млрд доллар. Екеуінің айырмасы өте үлкен. Сондықтан, сот орындаушыларының әрекетін алаяқтық жолмен шешімнен бастау алғанын дәлелдеуге тырысып жатырмыз», – деді ол.

Данияр Ақышев одан ары қандай да болмасын түсініктеме беруден бас тартты.

Бұл мәселе теңге бағамына қалай әсер ететінін де түсіндіріп өтті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл мәселе Қазақстанның ақша-несие саясатына еш әсер етпейді.

«ҚР Ұлттық банкінің алтын валюта қоры сақтаулы. Ал Ұлттық қор қаржысына қатысты Әділет министрлігімен біріге зерттеу жүргізіп жатырмыз», – деді Ұлттық банк басшысы.

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады