jasqazaq.kz

Дания Еспаева: Жаңа заң шығарғанша, бар заңның тиімділігін арттыру қажет

12 желтоқсан 2023, 15:22

Парламент Сенатының депутаты Дания Еспаева жаңа заңдар қабылдаумен елдің бүкіл проблемасы шешілмейтінін айтты.
«Елдегі көптеген мәселелерді шешу дегеніміз жаңа заңдар қабылдау ғана емес. Сондай-ақ заңнамалық процесті ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру қажет. Соңғы жылдары ғылымға, заңнаманың стратегиялық дамуына жеткіліксіз көңіл бөлінуде. Зерттеушілер оны дамыту үшін толыққанды ғылыми негіз қалыптастырғаннан гөрі қолданыстағы құқықты сынға алады немесе оған түсініктеме береді, — деді Дания Еспаева «Азаматтық қоғам мен парламентшілердің заң шығару саласындағы ынтымақтастық форматтары туралы диалогы» атты дөңгелек үстел барысында.
Сенат депутатының айтуынша, заң жобалардың қазақ тіліндегі мәтіндерінің сапасын арттыру қажет.
«Біздің заңдарымыз көбінесе саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдегі жедел мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл біздің қызметімізге сыни көзқарас туындатады және сенімсіздік тудырады. Жаңа заң шығарып қабылдаудың орнына қолданыстағы заңдардың тиімділігін арттыру қажет. Сондай-ақ заңның құқықтық түсіндіру жұмыстарын уақтылы жүргізу қажет. Кез келген құқықтық жаңашылдыққа бастамас бұрын мемлекет халықпен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуі тиіс. Халық не үшін және қандай мақсатта өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар қабылданатынын білуі керек», — дейді ол.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?