Дана Қамзабек: Мақсатым – қазақ тілінде сапалы ойын ұсыну

13 желтоқсан 2023, 13:29


Біздегі дүкен сөрелерінде топ болып ойнайтын интеллектуалдық ойынның түр-түрі сатылады. Бірақ көбісі орыс тілінде. Осындай ойындардың қазақ тіліндегі нұсқасының барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан jasqazaq.kz өз оқырмандарына отандық TEZTAP үстел ойынын таныстыруды жөн көріп отыр. Идея авторы — Дана Қамзабек.

— Дана, сізге TEZTAP ойынын жасау идеясы қайдан, қалай туындады? Жобаңыз жайлы толық әңгімелеп берсеңіз.

— TEZTAP ойынын алғаш 2020 жылдың аяғында шығардық. Ол пандемия енді аяқталып жатқан кез, үйде жақындарымызбен бірге болғанда ермек ететін бір ойын түрін шығарсам ғой деп жүрдім. Сол кезде ойыма осындай үстел ойыны келді. Ол кезде орыс, ағылшын тілінде осындай ойындарды достарымызбен көп ойнайтынбыз. Содан бастап кеттік. Ол жылы тәжірибе ретінде 500 данамен шығарып көрдік. Баспа туралы біліміміз де жоқ. Мен тек өзімізде жасалып, Made in Kazakhstan болғанын қаладым. Сөйтіп Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматы қалаларынан мен қалайтын сападағы үстел ойынын шығара алатын баспахана іздедім. Ақыры бір баспаханада бастырдық. Нәтижесінде өте жақсы сападағы ойын шықты, үлкен сұранысқа ие болды. Сол үшін қуаныштымын!

— Jasqazaq.kz оқырмандарына TEZTAP-тың ойын ережесі мен мән-мағынасын түсіндірсеңіз.

— Ойын десе көбіміз қарапайым, балаларға арналған нәрсе деп қараймыз, негізінде адамдармен қарым-қатынас орнатуда, бір нәрсені үйренгенде, уақыт өткізуде ойыннан артық, ойыннан ұтымды формат жоқ.
TEZTAP – сөз жасырып ойнайтын ойын. Шарт бойынша картадағы сөздерді жасырып ойнау қажет. Жасыру кезінде аудармасын, түбірлес сөзді қолдануға болмайды. Бұл ойын алысты жақындатып, кез келген ортаны қызықтыратын ойын.

— Ойын қандай аудиторияға арналады? Құрастыру кезінде қандай нәрселерге ерекше назар аудардыңыз?

— Бізде қазір ересектерге арналған TEZTAP Red және балаларға арналған TEZTAP Kids ойындары шықты. Ересектерге арналған ойында қиындығына қарай екі деңгейдегі сөздер бар. Ал балаларға арналған TEZTAP Kids-та сөздер үш тілде, әрі иллюстрацияланған.

Ойындарды құрастыру кезінде баршаға түсінікті болатын, қызығушылық тудыратын сөздерді алдық. Оның үстіне, әр картаға танымал тұлғаның есімін, географиялық мекендерді қостық. Карталарда краш, кринж сияқты қазіргі трендтегі сөздер де бар. Қызық болу үшін әдейі осылай жасадық.

— TEZTAP үстел ойынын жарнамалау, қазақ аудиториясына танымал ету жағы қалай жүріп жатыр? Болашақ жоспарыңызбен де бөлісе кетсеңіз.

— Қазір маркетингті қолға алдық. Әлеуметтік желілер арқылы, танымал тұлғаларға жарнама беру арқылы таратып жатырмыз. Көбіне @teztap.games парақшамыз арқылы таратамыз. Қазір үстел ойындары Астана мен Алматы дүкендерде қойылған және еліміздің барлық тұрғындары тапсырыс беріп алдырта алады. Алдағы уақытта қазақ тілді ойынның түр-түрін ұсынатын компанияға айналу жоспарда бар. Қазіргі таңда біз TEZTAP атты интеллектуалдық және үстел ойындарын шығарамыз, ал келешекте ойынның басқа түрлерін де қолға аламыз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Мақпал Махаметқызы

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу