jasqazaq.kz

Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады

13 маусым 2017, 10:27

Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дайын жүргізуші куәлігін алу үшін күтуі қажет емес. Бұл үшін жаңа жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде клиент өтініш толтырып, онда дайын құжатты алу ыңғайлы болатын бөлімнің нөмірі мен мекенжайын көрсетуі тиіс. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Шоқан Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді. «Астана, Алматы және Шымкент — жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтардың көптеген саныжүгінетін үлкен қалалар екенін білеміз. Бүгінгі күннен бастап олар дайын құжатты алу үшін кезек күтпейтін болады. Олар оны мамандандырылған ХҚКО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-да ала алады», — деді ол. Әбділманов қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО — Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жұмыс істейтінін айтып өтті. Жылдың басынан бастап 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда