Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыхановты ел батыр деп құрметтеп, жақсы көреді. Ол тек чемпион ғана емес, меценат ретінде де танымал. Алайда Дәулет елді тағы бір өнерімен таңғалдырды. Ол гитарамен ән шырқап, өзінің әншілік өнерден де кенде емес екенін көрсетті.
Дәулеттің гитарамен ән салып отырған видеосын желіге журналист Серік Абас-Шах жүктеген.
Желі қолданушылары болса, Дәулеттің бұл өнеріне сүйсініп, жағымды пікірлерін аямады.
«Батырлардың жүрегі нәзік болады», «Керемет», «Еліміздің батыры», — деп жазды олар.