jasqazaq.kz

Дәрігерлер «сау баламды сал қылды» деген ана әділдікке жете алмай шырылдап жүр

25 қыркүйек 2017, 22:42

Айтуынша, ақхалаттылар кішкентай нәрестеге дұрыс диагноз қоя алмай, ауруын асқындырып жіберген. Сөйтіп бүлдіршін мүгедек болып қалыпты. Емдеу мекемесі мамандарының қателігін медициналық қызметті бақылау департаменті де анықтаған екен. Алайда жауаптылар әлі күнге жазаға тартылмапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сырлыбек Арманның алты айлығына дейін бойында ауытқу немесе басқа да аурудың белгілері байқалмаған дейді анасы. Ал, ендігі күйі мынау. Басын көтеріп, ас-ауқат ішудің өзі мұң. Қазір Сырлыбек екі жаста. Анасының айтуынша, оны осындай хәлге түсірген – дәрігерлер. Бүлдіршін бір жарым жыл бұрын лоқсып, дене қызуы көтерілгесін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген екен. Оған ішек инфекциясы диагнозы қойылып, бір жеті ем алыпты. Алайда, кейіннен сырқаттың минингитке шалдыққаны анықталған.

Сымбат Спандиярова, С.Арманның анасы:

-Біз мұнда келгенде ішек инфекциясы болған жоқпыз. Ондай кезде баланың іші өтіп салмақ тастайды, дұрыс па? Менің баламда ондай болған жоқ. Тек, құсты және қызуы көтерілді.Оны оқымаған мен де білемін. Мидың синдромы екенін. Оқыған дәрігерлер неге білмейді оны?!

Сымбат Спанидярованың сөзінше, қате диагноздың кесірінен баласының хәлі нашарлап, 23 күн ес-түссіз жатқан. Кейін беті бері қарағасын, анасы Сырлыбекті Астанаға апарып емдетіпті. Бірақ, нәтиже болмаған. Ақыры сәбиі жеті айлығында мүгедек болып қалды. Қазір, бүлдіршіннің миының 95 пайызы өлі.

-Міне мына баланы қандай күйге жеткіздіңіз? Мен көргенді көрмей-ақ қойыңыздар. Сіз білдіңіз осындай боларын.

Ақхалаттылардың қателік жібергенін медициналық қызметті бақылау департементі растаған. Бірақ, сонда да жазықтылар жауапқа тартылмайды дейді ашулы ана. Тіпті, ем-дом жасаған мамандардың үстінен арыз түсірсе де, қозғалған қылмыстық іс 7 айдан бері түрлі сылтаумен сотқа жетпей жатыр екен. Ал, емдеу мекемесінің басшысы әдеттегідей өздеріне шаң жуытатын емес.

-Кінәларыңызды мойындайсыз ба?

-Мен мойындамаймын.

-Не үшін мойындамайсыз?

-Өйткені науқастың ағымы осындай, аурудың ағымы осындай.

Осы аурухана басшыларының бәрі жұмыстан кетсін.

Белгілі болғаны, дәрігерлер тағылған айыпты мойындамай, қосымша сараптама тағайындалған екен. Тергеу ісінің тұралауына осы себеп болыпты. Енді соның нәтижесін күту ғана қалған. Ал, Сымбат Спандиярова, әділдікке жету үшін өліспей-беріспек емес. Тіпті, баласын мүгедек қылды деген мекемеден моралдық және материалдық шығын есебінде, 7 жарым млн. теңге талап етпек.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда