jasqazaq.kz

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасы бақылауда

14 маусым 2017, 12:48

Ақмола облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті департаменті және денсаулық сақтау басқармасы Көкшетау қаласындағы фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын нысандарымен бірлесе отырып, дәрі-дәрмектің және медициналық бұйымдардың бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындардың дәрі-дәрмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету. Меморандум үстіміздегі жылдың соңына дейін жасалған. Облыс орталығындағы дәрі-дәрмек өндірушілер 105 түрлі дәрі-дәрмектің бағасын көтермеу туралы әлеуметтік жауапкершілік алып отыр. Ішінара қабынуға қарсы және аурудың зардабын әлсірететін дәрі-дәрмекпен, антибиотиктердің кейбір түрлерінің сатылымдағы бағасын реттеу көзделген.

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылатындығын естеріңізге сала кетейік. Сондай-ақ, бағасы тұрақтандырылатын дәрі-дәрмектердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінде бекітіліп, меморандумға қол қойған барлық жекеменшік дәріханалық ұйымдарда ілулі тұрады.

Алдағы уақытта осы тектес жұмыс барлық аудандық әкімдіктер мен сол өңірлерде тұрғындарға фармацевтика қызметін көрсететін жекеменшік дәрі-дәрмек ұйымдарының арасында жүргізіледі.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда