jasqazaq.kz

«Дөңгелек үстіндегі қонақүй» билетінің құны белгілі болды (видео)

09 тамыз 2017, 13:51

Желіде қазақстандық пойыздағы қымбат люкс вагон жайында видео жылдам таралып жатыр. Өндіруші компания өкілдері осы туралы түсініктеме берді.

Мұндай вагондарды «Тұран Экспресс» компаниясы жалға беретін болып шықты. «Бұл коммерциялық вагон — 70004. Олар жалға беріледі қайда барғың келсе, сонда барасың. Жібек жолымен жүрсең де болады, қазір ол Алакөлге қатынап жүр», — дейді компанияның бас директоры Роман Ботабеков. Қазіргі кезде мұндай екі вагон бар. «Біз оны Алматыдағы зауытта жетілдірдік, дөңгелек үстіндегі қонақүй жасадық. Оның ішінде зал, кинотеатр, душ кабинасы, жеке жолсерік, даяшысы бар, бір сөзбен барлық жағдай жасалған. Бұрын ол Дінмұхамед Қонаевтың вагоны болған. Қызметтік вагон болатын. Біз оны қайта жасап шығардық», — дейді директор. Оның сөзінше, бұл вагондар сұранысқа ие. «Мен туризммен айналысамын. Бұл жағдай туристер үшін жасалған. Сұраныс бар, әсіресе, Алакөл мен ЭКСПО-ға. Әдетте бір отбасы жалдайды, вагонға 10 адамға дейін сыяды», — дейді Ботабеков. Директордың сөзінше, вагонды жалдау құны адам саны мен жүретін жолдың ұзақтығына байланысты. «Арнайы вагон құнымен тең. Билеттерді компаниядан сатып аласыз. АВ құнын аласыз да адам санына көбейтесіз. Кейде 5, кейде 10 адам болады. Жалға алу құны мың шақырымға 100-130 мың теңге болады», — деп түсіндірді Роман Ботабеков.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда