jasqazaq.kz

Д.Абаев: Екі редакцияда тінту жүргізілді

02 сәуiр 2018, 17:37

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құқық қорғау органдарынан Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында жүргізіліп жатқан тінтуге қатысты ақпарат сұратты.

«Иә, мен бұл туралы жаңалықтардан естідім. Қазір біздің министрлік құқық қорғау органдарынан қосымша ақпарат алуға тырысып жатыр. Қажетті ақпарат түскен кезде, біз сіздерге хабарлаймыз, тиісінше құқық қорғау органдарындағы әріптестерімізден сіздерге түсініктеме беруді өтінеміз», — деді министр Дәурен Абаев. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Айта кетсек, бүгін полиция қызметкерлері Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында тінту жүргізіп жатқаны белгілі болды. Журналист Вадим Борейконың ақпаратынша, Ratel.kz редакциясында құжаттар мен компьютерлер тәркіленген. Сонымен қатар, порталдың бас редакторы Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталғаны мәлім болды. Forbes Kazakhstan редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталды. Полиция әзірге болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр