Cаят Медеуов: 100 мыңды шуға айналдырып, шоу жасамайық

16 сәуiр, 11:18

Әлеуметтік желіде су басқан аймаққа 100 мың теңгеден жинаған өнер жұлдыздарының тізімі қызу талқыланған болатын. Әнші Саят Медеуовтің айтуынша, 100 мың теңге бірауыздан келісілген қаржылай көмек көрінеді.

“Ортақ тобымызда 100 мың теңге бекітіліп, бірауыздан мақұлданған сома еді. Өйткені ол жерде жағдайы жақсы да, орташа да да әріптестеріміз бар. Тіпті, облыстағы әншілер де қосылды. Бәрі бірдей қалталы, елге танымал емес. Бәріміз ешкімнің қалтасына салмақ болмайтын, ортақ ақша шығарайық деп ақылдастық. 100 мың теңге біреуге көп болғанымен, екіншісіне тиын-тебен болуы мүмкін. Сол үшін осы сомаға тоқтадық. Бірақ мен әріптестеріме ренжіп қалдым. Өйткені бәріміз 100 мың теңгеден ғана аударуымыз керек еді. Ол жерге біреуі 1 миллион теңге, енді бірі 500 мың теңге аударды. Қасыңдағы адам миллион теңге бергенде, сен 100 мың теңге бергеніңе намыстанасың ғой?! Бірауыздан келісілгеннен кейін, 100 мың теңге ғана беріп, қалғанын басқа қорларға аудару керек еді. Халықтың да наразы болып жатқаны сол үшін. Бәрі 100 мың теңгеден аударғанда мұндай көп сөз болмайтын еді. Көп ақша бергендер мен аз ақша бергендерді халық бөліп алып жатыр. Бұл дұрыс болмады. Бірақ мен ештеңеге өкінбеймін. Намыстанбаймын да. Елімнің басына күн туғанда қарап қалмай, бір кісідей ат салысқаным рас. Ал бізді кінәлап жатқандарға айтарым, өздері 100 теңге де бермеген шығар?! 100 мыңды шуға айналдырып, шоу мен хайп жасамақшы”, – деді Саят Медеуов.

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды