jasqazaq.kz

БЖЗҚ бұрынғы басшысы сотталды

18 сәуiр 2018, 17:55

Алматыда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ экс-басшысы Руслан Ерденаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Руслан Ерденаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша және 366-бабының 4-бөлігі («Аса ірі көлемде пара алу») бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке тұру құқығынан өмір бойына айырылды. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, 2016 жылдың 6 қазанында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бес миллиард теңге сомаға құнды қағаз сатып алған. Алайда «БЖЗҚ» АҚ қатерлер департаменті бұл келісімнен бас тартуға кеңес берген. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл келісімнің салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде зиян келгенін айтып отыр. Бұл істің қалған фигуранттары қандай жазаға кесілгені жайлы мына жерден оқуға болады Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. «БЖЗҚ» АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. «БЖЗҚ» АҚ меншікті активтерді дербес басқарады», — деген еді банктегілер. Ал 2017 жылдың 7 қаңтарында Руслан Ерденаевтың қамауға алынғаны хабарланған болатын. Ол бірнеше миллиард теңге жаратты деген күдікпен ұсталған еді.

Tengrinews.kz

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр