jasqazaq.kz

БЖТ мерзімі аяқталды: кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады

08 қантар 2024, 13:08

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталғанын мәлімдеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді.

МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көп балалы аналар және т.б. босатылады, олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жалғастыра берсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық мөлшерлемесі — 1%), оңайлатылған декларацияны (салық мөлшерлемесі — 3%), бөлшек салық режимін (салық мөлшерлемесі — 4%) таңдауы керек.
Оны салық режимін «Е-salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы таңдай аласыз, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.

Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?