Украинаның Киев қаласында отырысқа жиналған депутаттар төбелесіп қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттік фракция өкілі жанжал кезінде залдағы құрылғыларды сыныдып, кейін әріптесіне жұдырық сермеген.
Депутат Виталий Карлюктің соққысынан әріптесі Владислав Хахулин есінен танып қалады. Бюджетті талқылаймын деп төбелесіп қалған депутаттарды полиция тоқтатты.
Ал есінен танған депутатты емханаға алып кеткен. Енді төбелесті бастаған депутат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.