Кешке қарай бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың тұтқынға алынғаны туралы ақпарат тарады.
Көп ұзамай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бұрынғы мәдениет және спорт аице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растады.
Күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
JQ-Aqparat