jasqazaq.kz

Бұрынғы уақытты қайтару туралы петиция: ДСМ қазақстандықтардың аз ауыра бастағанын айтты

16 шiлде 2024, 20:03

«Уақытты кері қайтару» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші қоғамдық тыңдауы өтті. Түрлі саладан шақырылған сарапшылар алғашқы кездесуде көтерілген петиция авторының сұрақтарына жауап берді, — деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің сайты.

UTC+5-ке ауысқаннан кейінгі медициналық мекемелерге жүгінулер мен аурулар статистикасы жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышева:

— Бірыңғай уақыт белдеуін енгізген күннен бастап көп уақыт өткен жоқ, алысқа баратын қорытынды жасауға әлі ерте. Биылғы маусым айындағы мәліметтер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген адамдар саны 0,1%-ға азайды. Ағымдағы жылдың 6 айда қан ауруларының 13,7%-ға, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың 11,3%-ға төмендеуі байқалды, онкология бұрынғы деңгейде қалды. Аймақтық тұрғыда ШҚО-да қан айналымы жүйесінің ауруларының 15,9%-ға, онкологияның 1,5%-ға және психикалық бұзылулардың 12,2%-ға төмендеуі байқалды. Алматы қаласы бойынша қан айналымы жүйесі ауруларының 55,7%-ға, онкологияның 2,3%-ға, психикалық бұзылулардың 15,8%-ға төмендеуі байқалады.

Фото: freepik.com

JQ-Aqparat

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?