jasqazaq.kz

Бұрынғы Олимпиада жүлдегері күзетші болып жүр

02 тамыз 2024, 12:54

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов елге қызмет ету үшін АҚШ-тан түскен ұсыныстан бас тартқан. Бұл туралы «Уақыт көрсетеді» Youtube-жобасына берген сұхбатында айтты.

Бұрынғы спортшы бүгінде өкіметтен ешқандай ақша алмайтынын жеткізді.

«Мемлекет тарапынан ешқандай өтемақы жоқ. Өкіметтен ешқандай ақша алып отырған жоқпын. Әлем чемпионатының күміс жүрдегері болғанымда Қызылордадан үш бөлмелі үй берілді. Сонымен бітті. Ал бүгінде Алматыдағы мекеменің бірінде күзетші болып жұмыс істеймін. Кезінде Америкаға жаттықтырушы болып айына 20 мың АҚШ доллары төленетін жұмысқа шақырды. Мен бас тарттым. Биліктің неліктен дарынды азаматтардың потенциалын қолданбайтынын түсінбеймін. Менен кінә жоқ. Мен жұмыс істеуге дайынмын», — деді ол.

Бұрынғы спортшының төлей алмай жүрген 10 миллион теңге несиесі бар, салдарынан банк кепілге қойылған үйді тартып алуы мүмкін екенін де айтты.

«Бұған дейін Спорт және туризм академиясында, Республикалық спорт колледжінде жастарды ауыр атлетикаға баулыған едім. Бірақ жұмыстан шығып кеттім. Менің басымда 10 миллион теңге несием бар. Несие алу үшін ауылдағы үйімде кепілге қойған едім, бүгінде банк мүлікті тартып алмақшы. Бірақ тартып алса, тартып алсын, маған несие жабылса болды. Жолымның бәрін байлап отырған осы», — деді ол.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?