jasqazaq.kz

“Бұрын тұрмыста болған келіннің беті ашылмайды»: Әншінің тойындағы беташар рәсімі сынға қалды (Видео)

15 желтоқсан 2023, 14:11

Желіде қарындасымен ән айтып танылған Ринат Шамшырақ шаңырақ көтерген болатын. Екі жас үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Алайда тойда болған беташар рәсімі сынға қалды.

Әншінің жары өзінен 6 жасқа үлкен, бір баласы бар бет әрлеуші қыз.
Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамханада үйлену тойын жасаған әнші сынның астына қалды. Қазақтың салт-дәстүрі негізінде өткен беташар рәсімі көпшілікке ұнамады. Таңдауы бұрын тұрмыста болып, бір баласы бар келіншекке түскенін жазған болатынбыз. Ежелгі салт бойынша екінші рет келіннің беті ашылмайтынын жарыса жазып жатқандар көп. “Бұрын беті ашылған келіннің екінші рет беті ашылмайды, тек орамалын алмастырады”, “Әулеттің үлкендері айтпаған ба?” деген сыңайда пікір көп.
Сондай-ақ әнші келіншегімен бірге ауылында тұрып жатыр. “Жаңа түскен келінге сиыр сауғызайын деп тұрмыз. Қалада өскен қыз болғандықтан, қораға кіріп көрмеген.Салонда жүрген қыз сиыр қораға кіріп, алғаш рет сиыр сауады. Күн деген қатты суық. Шелектегі сүтті үйге жеткізгенше мұз болып қатып жатыр.”, – деп жеке парақшасына видео жүктеген болатын.
Желі қолданушылары жаңа түскен келінге салқын тигізуге болмайтынын айтып, ескерту жасап жатыр. “Жаңа түскен келінді де сәбидей қырық күн күту керек. Таңда далаға шығарып, қараңғыда жалғыз жүргізуге болмайды. Суық пен аязға шығаруға болайды” деп жазып жатыр әншінің тыңдармандары. Енді бірі жастардың контент үшін ғана қораға барғанын айтады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ШАМШЫРАК РИНАТ ШАРАПАТУЛЫ (@rinat_shamshyrak)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?