Бүгін қай сыныптар мен қай курстар үшін сабақ болмайтыны белгілі болды, – деп хабарлайды Baq.kz.
Астана қаласында 25 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды.
«Құрметті ата-аналар! Сабақтардың болмауы балалардың демалыс күндеріне әсер етпейді. Демалыс күндер уақытылы өткізілетін болады. Мектептегі оқу бағдарламасынан қалып қалмау мақсатында, тиісті іс-шаралар жоспарланған. Оқу бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыру мәселесі Білім басқармасының жеке бақылауында. Мұндай жағдаймен жыл сайын кездесеміз, сондықтан оның салдарына барынша дайынбыз», — делінген хабарламада.