jasqazaq.kz

Burger King Kazakhstan қоғамдық пікірге төтеп бере алмады

17 ақпан, 15:42

Соңғы күндері Burger King компаниясына қатысты дау шығып, тіпті бойкот жариялау туралы талап қойыла бастады. Оған 27 жастағы Әлібек Қаратайды жұмыстан шығарғаны себеп болды. Әлібектің анасы Жанат Қаратай әлеуметтік желіде осы жөнінде жазба жариялады. Жанат Қаратай аутизмі бар баласы үшін бұл жұмыстың тек табыс көзі емес, өзінің қажет екенін сезінуіне мүмкіндік бергенін айтады. Енді төрт жыл жұмыс істеген баласына жаңа басшылар қысым көрсете бастаған.

Наразылық көбейгеннен кейін Burger King Әлібек Қаратайдың жұмыстан шығарылмағанын, әлі штатта екенін айтып ақталды. Әлібектің үйіне еңбек инспекторы да барып, шағым беру жолын түсіндірді.

Бүгін басы дауға қалған Burger King Kazakhstan осы бір келеңсіз оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Онда: «Біздің қызметкеріміз Әлібек Қаратайдың қатысуымен болған қоғамдық наразылық тудырған жағдайға байланысты келесіні хабарлаймыз.

Осы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу әлі жалғасуда. Барлық фактілерді әділ және жан-жақты қарастыру мақсатында біз ішкі жұмыс барысы мен ұжымның өзара әрекеттесу жайын қосымша талдап, қажетті шаралар жүргізіп жатырмыз.

Burger King Kazakhstan қызметкерлерді жұмысқа алу және олардың жұмысы кезінде инклюзия, тең мүмкіндіктер беру қағидаларын ұстанады. Әрбір адамға құрметпен қарау біздің корпоративті мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады.

Ішкі тексеруден кейін компания қатаң корпоративті стандарттар мен қадір-қасиетті құрметтеу қағидаларын ұстанатынын көрсетті. Осы стандарттарды бұзатын кез келген сөздер немесе әрекеттер брендтің ұстанымын көрсетпейді және іскер, этикалық қатынас талаптарына қайшы келеді.

Қабылданған басқарушы шешімді ескере отырып, аумақтық менеджерлер Сергей мен Анастасия енді компания қызметкерлері емес.
Burger King Kazakhstan кемсіту, құрметтемеу немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қадір-қасиетіне, намысына тиетін кез келген сөз, әрекет түрін үзілді-кесілді қабылдамайды, қарсылық білдіреді.

Біз елімізді, жұмыс істейтін жерімізді, мәдениетімізді және халқымызды құрметтейміз. Әрбір қызметкерден лауазымына қарамастан соны күтеміз.
Біз Жанат Қаратайға келесі қадамды жүйелі түрде талқылап, жағдайды шешу үшін хабарлама жолдайды.

Burger King Kazakhstan әңгімелесуге және жауапты шешім қабылдауға дайын ашық компания болып қала береді. Біз барлық қызметкерлеріміз үшін құрмет, қауіпсіздік және тең мүмкіндіктер мәдениетін нығайтуды жалғастырамыз», — делінген.

JQ-Aqparat

Фото: Ашық дереккөзден

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка