jasqazaq.kz

Бурабайда жұмыртқадай болатын бұршақ жауды: 6 адам зардап шекті (видео)

01 шiлде 2017, 19:39

30 маусымда түстен кейін Ақмола облысы Бурабай ауданының территориясында тауық жұмыртқасындай көлемде бұршақ жауды. Зардап шеккендер бар, оның арасында балалар да бар.

Аудандық «Авиценна Бурабай» емханасының бас дәрігері Алма Құрманованың айтуынша, алты адам әр түрлі дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің бірі ауданның 55 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды, оның миы зақымдалған. Тағы екі адамның аяғы сынған, олар амбулаторлық көмекке жүгінді. Жарақат алғандардың қатарында балалар да бар: 2003, 2005 және 2010 жылдары туған. Оларды ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тағы екі адам жеңіл жарақат алған. Олар үйлеріне қайтарылды. Өз кезегінде Ақмола облыстық ТЖ департаментінің өкілдері ауа райы осындай болады деп күтілгенін, алайда бұршақтардың мұндай көлемде түсетінін күтпегенін айтады. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүліктері бүлінгендердің арызы қабылданып жатыр. Шығын мөлшері есептеліп жатыр.

Тengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда