jasqazaq.kz

Бурабайда демалушылардың көзінше екі қыз суға ағып кетті

07 тамыз 2017, 10:58

Астана қаласының тұрғыны Ұлан Әбішов Щучинск-Бурабай демалыс аумағындағы Кіші Шабақты көлінде екі қыздың суға ағып, мерт болған оқиғасына куә болған. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты хабарлады.

«Біз отбасымызбен қиын жағдайға тап болып отырмыз. Кіші Шабақты көлінде суға түсіп, демалып жаттық. Жиналып естелік үшін бірнеше суретке түстік. Сосын ғана сол түсірілген суреттердің бірінде қайғылы оқиғаның түсіп қалғандығын білдік», — деді Ұлан Әбішов өзінің Фейсбуктегі парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, суретке екі қыз бен жеткіншектің өмір үшін арпалысып жатқан сәті түсіп қалған. Олардың үрленген матрасы қатты желдің салдарынан аударылып кеткен. «Оларға көмекке бірнеше жігіт келген, көмекке келушілер тек баланы ғана судан аман алып шыққан. Өкінішке орай, қыздарды құтқара алмаған. Олар жағаға жетіп құтқарушыларды шақырған. Құтқару қызметі оқиға орнына бір сағатқа жуық уақытта жеткен. Әйелдер мен балалар жылап жатты. Көлде құтқару қызметі мүлде болған жоқ», — дейді оқиға куәгері. Еске сала кетейік, бір тәулік ішінде тыйым салынған жерлерде еліміз бойынша 11 адам суға кеткендігін хабарлаған болатынбыз.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда