jasqazaq.kz

«Болашақ» бағдарламасындағы шу: стипендия иегерлеріне тіл тигізіпті (видео)

23 мамыр 2017, 13:10

«Болашақ» президенттік білім беру бағдарламасын басқаратын «Халықаралық бағдарламалар орталығында» шу шығайын деп тұр. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға, білім және ғылым министрлігіне арыз жазып, оны БАҚ көздерінде жариялады.

Қызметкерлердің сөзіне сүйенсек, президенттік бағдарламаға қауіп төніп тұр екен. Олар бұған Орталықтың топ-менеджментін, оның ішінде басшы Жанболат Мелдешов пен оның үш орынбасарын айыптап отыр.

Бес беттен тұратын арызда «Болашақ» бағдарламасының түлектері, қазір Орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер айтып өткендей, басшы «өз адамдарына орын босату үшін қажетсіз қызметкерлерді» жұмыстан шығуға мәжбүрлейтін көрінеді. Сондай-ақ, арызда Орталық басшылығы тарапынан жасалып отырған бірқатар құқықбұзушылықтар көрсетілген. Қызметкерлер тергеу жүргізіп, Мелдешовті жұмыстан босатуды сұрайды. Арызға 25 адам қол қойған. Олар Орталықта өткен жиналыста «Болашақ» стимендиясы иегерлеріне тіл тигізген басшылардың бірінің видеосын халық назарына ұсынды. Ол бейнедегі басшы, қызметкерлердің айтуынша, Жанболат Мелдешовтің өзі екен.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда