Американың Мэриленд штатындағы Арнольд қаласында бойжеткен емтиханға ұзындығы бір жарым метр болатын шпаргалға алып кірген.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы жазды.
Анна Арундел атындағы қоғамдық колледждің бухгалтерлік есеп пәнінің мұғалімі Реб Битти емтихан кезінде 8,13 см көлеміндегі карточканы қолдануға рұқсат еткен. Десе де, ол өлшем бірлігін нақтылауды ұмытып кеткен сыңайлы. Бұл жолы студенттердің бірі әңгіме дюйм жайлы емес, фут туралы деп ойлаған. Оның шпаргалкасы күткен көлемнен 144 есе үлкен болып, үстелді толық жауып тастаған.