jasqazaq.kz

Блогерлерге ақша бөлінбейді

18 қантар 2018, 14:49

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов ҚазАқпарат тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып, латын әліпбиі бойынша түсіндіру жұмыстарына блогерлерді жұмылдыруға қатысты көпшілікке таралған ақпарат қызметтік қателіктің салдарынан туындағанын хабарлады.

«БАҚ-та жарияланған ақпараттың арқасында келесі мәселе анықталды, «Электрондық үкімет» порталында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған іс-шаралар жоспарының мақұлданбаған жобасы жарияланған. Жұртшылыққа әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінбегенін жеткізгіміз келеді», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері. Сондай-ақ, Мелдешов қателік жіберген ведомство қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылатынын, ал бекітілген Жоспардың жобасы таяу күндері «Электрондық үкімет» онлайн-порталында жарияланатынын мәлім етті.

 

Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады