jasqazaq.kz

Біздің балмұздақ!

12 шiлде 2017, 19:22

Еліміздегі ең үздік балмұздақ өндіруші — «Шин- Лайн» компаниясы өз өнімін өзге елдерге экспортқа шығаратын болды. Сондай-ақ,  компания  Алматыдағы өндірістік кешенінде балмұздақ жасайтын жаңа заманауи еуропалық желіні іске қосты. Осыған орай атаулы компания бүгін журналистерді жинап,  өндірістің жұмысымен таныстырып,  «Бахрома» атауымен балмұздақтың 12 жаңа түрін ұсынды. Өндіріс желісіне салынған инвестицияның жалпы сомасы 5 млн  еуроны құрайды.  Бұл су жаңа желі – сағатына 36 мың үлес, яғни тәулігіне 70 тонна өнім өндіріп, ТМД елдері, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядан да асып түсуде.

Жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында  жүзеге асып, «ҚДБ- лизинг» (Қазақстан Даму Банкі) АҚ демеушілігімен  қаржыландырылды.

«Шин- Лайн»  компаниясының президенті Андрей Шиннің айтуынша, бұл компания  критерийлер мен көрсеткіштер бойынша бірегей өндіріс  орны.  Жаңа өндірістік желіні іске қосу – бұл біздің еліміздегі  көшбасшылығымызды одан әрі нығайта түсуге және экспорттық нарықты белсенді  игеруге көмектесетін компаниямыздың сапалы өсу жолындағы асулы кезең болмақ. Ал, тұтынушылар  халықаралық  сапа стандартымен дайындалған балмұздақтың ерекше жаңа дәмін татып көре алады.

Толықтай автоматтандырылған технологиялық желі балмұздақты әзірлеуден бастап оны қаптау үдерісіне дейін барлық жұмысын өзі атқарады. Ерекшелігі – мұнда бірде бір адамның қолы тимейді. Бұл заманауи желі Даниядағы әлемдік көшбасшының Gram Equipment жабдығының ең соңғы үлгісімен жасалған. Сонымен қатар, балмұздақтың әлемдік нарығы жылына орта есеппен 2,3 пайызға өскендігін «Шин- Лайн» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Константин Доценко ерекше айта кетті.

«Бұл тұрғыда Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа айтарлықтай қарқынды дамуды көрсетіп отыр. Азия- Тынық мұхиты нарығы – сандық тұрғыдан, ал, Батыс Еуропа нарық –құн жағынан басымырақ. Ондағы балмұздақ нарығы – орнықты әрі жетілген. Балмұздақ өндірісіндегі дәстүрлі дәмімен, өзіндік ерекшелігімен айрықша. Ал, Шығыс – жарқын, қызықты  әрі экзотикалық- десерт мәдениетінде, балмұздақтың әдеттен тыс дәмдерінде және дәстүрлі тәттілерде ләззаттың жаңа қырын ашады. Біз әр түрлі елдердің тұтынушыларын нағыз шығыс балмұздағымен таныстырғымыз келеді, сондықтан, «Бахрома» сериясын шығардық», — дейді К. Доценко өз сөзінде.

Нарықта 1995 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан  «Шин-Лайн» компаниясының негізгі қызметі – балмұздақ өндіру . Оған қоса сүт пен сары май, қойытылған сүт, мұздатылған жартылай дайын өнімдер мен жылдам дайындалатын кеспе шығарады. Ал,бұған дейін «Шин- Лайн» компаниясының өнімі «Бәйтерек», «Миша», «Полюстегі Мишка», « Бомба» балмұздақтарымен тұтынушыға таныс.

 

Салтанат Шырынхан

Суретті түсірген Ғалия Қалиева

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда