«Біз таза ел үшін»: Орал жастары қоқыс жинаудан жарысты

12 маусым, 12:30

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.  Оның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын және экологияны сақтау.

Орал қаласында осы экологиялық акция аясында облыс жастарының бастамасымен «Біз таза ел үшін» қоқыс жинап жарысу шарасы өтті.

Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятудың нағыз үлгісін көрсетті.

«Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық белсенділікті дамыту және кеңінен насихаттау. Бүгін 200 қап қоқыс жиналды. 200-ден астам ерікті осы игі іске атсалысып, бірнеше сағаттың ішінде қаламызды қоқыстан тазалап шықты. Қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты. Жалпы биыл қалада 20-ға жуық акция өткізуді жоспарлап отыр», — дейді облыстық «Жастар рухының» төрағасы  Архат Исламғали.

Облыс жастары орталық базар аумағын таңдап, бастамашылдық жасады,  өйткені олардың пікірінше, бұл учаске қаладағы ең ластанған аумақ болып саналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.

Сәуір айы бойынша ұйымдастырылған санитарлық тазалық айлығына 12944 тұрғын, 3321 мекемелер мен кәсіпорындар қатысты, 231 парктер мен сверлер жиналды, 44 мыңнан астам әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды, 1221 әлеуметтік, 3307 кәсіпкерлік және өнеркәсіптік нысандарға, 525 тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық айлыққа 1134 техника жұмылдырылып, 49102 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық айлығы аясындағы абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде