jasqazaq.kz

Биыл «Алтын допты» кім алады?

21 қараша 2018, 15:42

Роналду мен Месси үстемдігі аяқталғандықтан «Алтын доптың» кміге табысталатыны айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентиналық пен португалиялық алғаш рет сыйсыз қалды. Италиялық белгілі спорт тілшісі Танкреди Палмери 3 желтоқсанда өтетін «Алтын доп» жүлдесін табыстау салтанатты шарасына қатысты ақпаратпен бөлісті. Оның мәліметінше, бұл жылдың үздік футболшысы Антуан Гризман болады. Өткен маусымда ол мадридтік «Атлетикомен» Еуропа лигасын ұтып, Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. «Инсайдерлер «Алтын доп» Гризманға табысталатынын айтады. Жарайды, көрейік», — дейді журналист. 27 жастағы Гризман Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) нұсқасы бойынша жыл футболшысы номинациясының үштігіне енбей қалған еді. Бұл сыйды мадридтік «Реалдың» және Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленген. Айта кетейік, каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси және туриндік «Ювентус» форварды Криштиану Роналду «Алтын доп» сыйлығына үміткерлер үштігіне кірмеген. Бұған бір себеп Месси мен Роналдудың әлем чемпионатында көзге түспеуі. Еске салайық, Роналду мен Месси соңғы он жылда «Алтын допты» кезектесіп алып келген — бес-бестен. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық Кака алған.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті